Accessibility links

Сот 24.kg мен экс-депутатқа қатысты шешім шығарды


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенттігіне кандидат.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенттігіне кандидат.

Бішкек қаласы Свердловский ауданының соты президенттікке үміткер Сооронбай Жээнбековтің "24.kg" агенттігі мен Жогорку Кенештің экс-депутаты Кабай Карабековке жазған арызын қарап, оларды Жээнбековке әрқайсысы 5 миллион сомнан (73 мың доллардан астам) өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бұған дейін үміткердің сайлау штабының баспасөз қызметі Жээнбеков өзін "радикалды араб ұйымдарымен байланысы бар" деп айыптайтын материал авторын сотқа бергенін хабарлаған. Бұл материалды "24.kg" сайтына Кабай Карабеков жариялаған.

"Арыз өтемақысы көп емес. Өйткені мұнда президенттік сайлау, елдің алты жылы туралы сөз болып отыр" деп хабарлады үміткер штабының баспасөз қызметі.

Жээнбеков арызынан соң бұл мақала "24.kg" сайтынан алып тасталды.

XS
SM
MD
LG