Accessibility links

Ұшақ апатынан өлген екі қырғызстандықтың мәйіті еліне жеткізілді


Апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағы (Көрнекі сурет)
Апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағы (Көрнекі сурет)

Алматы түбінде Ан-28 ұшағының апатынан қаза тапқан Қырғызстанның екі азаматының мәйіттері еліне жеткізілді. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

3 қазан күні кешке Алматыдан Шымкентке ауыр жағдайда жатқан науқасқа медициналық көмек көрсететін дәрігерлерді алып ұшқан East Wing компаниясының ұшағы Алматы облысындағы Междуреченск ауылының маңына құлаған. Электр бағанының сымдарына ілініп барып құлаған ұшақ өртеніп кеткен.

Оқыңыз: Құлаған ұшақтың "қара жәшігі" Мәскеуге жіберіледі

Ұшақ бортындағы бес адам - екі дәрігер мен экипаждың үш мүшесі, оның ішінде Қырғызстан азаматтары - ұшақ командирі Геннадий Цой мен авиатехник Бейшебек Акматбаев мерт болған.

Марқұмдардың денелері салынған көлік Қырғызстанға 5 қазанға қараған түні жөнелтілген.

ВИДЕО: Ұшақ құлаған орыннан сюжет (02.10.2017)

Алматы маңындағы ұшақ апатынан соң
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

XS
SM
MD
LG