Accessibility links

Көлік басқармасы: Соғылған автобус жолаушыны рұқсатпен тасымалдаған


Ресейдің Владимир облысында пойызбен соқтығысып, қираған жолаушылар автобусы. 6 қазан 2017 жыл.
Ресейдің Владимир облысында пойызбен соқтығысып, қираған жолаушылар автобусы. 6 қазан 2017 жыл.

Ресейде апатқа ұшыраған, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген жолаушылар автобусының халықаралық бағыттарға жолаушы тасымалдауға лицензиясы болған. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев хабарлады.

6 қазан күні таңертең Ресейдің Владимир облысында Mercedes маркалы автобус пойызбен соқтығысқан. Жол апатынан соңғы мәлімет бойынша 16 адам, оның ішінде автобус жүргізушілерінің бірі - Қазақстан азаматы қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 55-і - жолаушылар, Өзбекстан азаматтары, екі жүргізуші - Қазақстан азаматтары. Екінші жүргізуші Покров қаласындағы уқытша паналау пунктіне орналастырылған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Азаттыққа автобустың иесі Сарыағаш ауданының тұрғыны екенін растағанымен, оның аты-жөнін атаудан бас тартты.

Бейресми мәліметтерде апатқа ұшыраған автобустың иесі ретінде аталған Сарыағаш ауданы Дербішек ауылының тұрғыны Досжан Оразгелдиев Азаттық тілшісіне меншігінде Mercedes маркалы автобус болғанын, бірақ оны бір жыл бұрын басқа адамға сатып жібергенін айтты.

XS
SM
MD
LG