Accessibility links

CNN "Роскомнадзор" талабын орындағаны жайлы хабарлаған


Америкалық CNN телеарнасының Атланта қаласындағы штаб-пәтері.
Америкалық CNN телеарнасының Атланта қаласындағы штаб-пәтері.

Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын "Роскомнадзор" мекемесіне америкалық CNN телеарнасы кемішіліктерін жойғаны туралы хабарлаған. Қадағалаушы мемлекеттік органға бұл туралы құжатты телеарна хабарларын Ресейге тарататын компания берген деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Енді "Роскомнадзор" CNN эфирінің жазбасына талдау жасамақ.

Бұған дейін "Роскомнадзор" егер CNN телеарнасы эфирге шығатыны жайлы деректеріндегі қателікті 11 қазанға дейін жөндемесе лицензиясынан айырылып қалуы мүмкін екенін ескерткен.

6 қазанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тағы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасалатын болса, онда Ресейде жұмыс істеп жатқан кей америкалық медиа құралдарының қызметі де шектелуі мүмкін екені туралы мәлімдеген. Бұған дейін АҚШ-та Ресей үкіметі қаржыландыратын Russia Today телеарнасы мен Sputnik жаңалықтар сайтын шетелдік агентттер туралы заң бойынша тіркеуге қою туралы ұсыныстар айтылған.

XS
SM
MD
LG