7 қазан күні таңертең жол-көлік оқиғасынан Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Темир Жумакадыров қаза болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Шу облысы Мәскеу ауданының Садовое ауылы маңындағы Бішкек-Чалдовар жолының 36-шақырымында Жумакадыров отырған жеңіл автокөлік КАМАЗ жүк машинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көлікте болған үш адам – вице-премьер, оның көмекшісі және жүргізуші түгел опат болған.
Қырғызстан президенті сайлауын өткізу жөніндегі республикалық штабтын басқарған Темир Жумакадыров Талас облысына сайлау учаскелерінің дайындығын тексеру үшін іссапамен бара жатқанда апатқа ұшыраған.
38 жастағы Темир Жумакадыров биыл тамызда қырғыз үкіметі жетекшісінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып істеген.