Accessibility links

АҚШ: Нью-Йоркте ірі шабуыл жасамақ болғандар әшкереленді


АҚШ полициясы мен федералдық тергеу бюросының қызметкерлері Нью-Йорк көшесінде. (Көрнекі сурет.)
АҚШ полициясы мен федералдық тергеу бюросының қызметкерлері Нью-Йорк көшесінде. (Көрнекі сурет.)

АҚШ билігі Нью-Йорк қаласында, соның ішінде Таймс-скверде, метрода және концерт алаңдарында жарылыс жасап, жұртты атпақ болған деген күдікпен үш адамның ұсталғаны туралы мәлімдеді. Күдіктілер террорлық шабуылды өткен жылы жасауды жоспарлаған деп хабарланды. Жүрігізлген тергеу себептеріне байланысты құпия болып келген ақпарат тек биыл 6 қазанда ғана жарияланған.

Террорлық шабуыл жасауды жоспарлаған деген күдікке іліккендердің бірі 19 жастағы Канада азаматы мамыр айында Нью-Джерси штатында тұтқындалған, өзге екеуін тұрғылықты жерлері бойынша Пәкістан мен Филиппинде ұстаған. АҚШ билігі аталған елдерден оларды экстрадициялауды сұраған.

Бұл адамдар "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен байланысы болған деген күдік бар. Тергеу жорамалы бойынша, олар Пәкістанда жарылыс жасайтын мамандармен кездескен және Нью-Йорк қаласының түбіндегі коттеджді жалға алып, ол жерге сутек пероксиді, батареялар мен термометрлер және алюминий фольгасының қорын жинаған.

Күдікті топты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын жақтаушысының кейпіне енген АҚШ федералдық тергеу бюросы қызметкері әшкерелеген.

XS
SM
MD
LG