Accessibility links

Ресейдің ондаған қаласында Навальныйды қолдау акциялары өтті


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акциясы. Санкт-Петербург, 7 қазан 2017 жыл.
Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды қолдау акциясы. Санкт-Петербург, 7 қазан 2017 жыл.

Ресейдің ондаған қаласында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары өткізген акциялар барысында 130-дан аса адам ұсталған.

"ОВД-Инфо" сайтының хабарлауынша, Липецкіде 20 адам ұсталған. Екатеринбургте полиция биліктің келісімі бойынша өткен шарадан 18 адамды ұстап әкеткен. Сонымен бірге Тула, Самара, Санкт-Петербург, Калининград, Краснодар, Пермь, Ростов, Псков, Саратов, Сочи, Тверь және өзге қалаларда белсенділерді ұстағаны туралы ақпараттар тарады.

Ал жүздеген адам қатысқан Мәскеудегі акция барысында полиция бір адамды ұстап, кейін босатып қоя бергені туралы хабарланды. Акция аяқталғанымен ондаған белсенді Пушкин алаңында әлі тұр деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Мәскеудегі қарсылық акциясы туралы видео:

Мәскеудегі қарсылық акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

7 қазанда өткен акцияға қатысушылар билікке қойған негізгі талабы - 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауына Алексей Навальныйды қатыстыру. Алексей Навальный мен оның сайлауалды штабының басшысы Леонид Волков қазір әкімшілік қамауда отыр. Мәскеу соты екеуін "рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны" үшін 20 тәулікке қамау туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG