Accessibility links

Түркия Сирияда ірі операция басталғаны туралы мәлімдеді


Түркия прездиенті Режеп Ердоған.
Түркия прездиенті Режеп Ердоған.

Түркия қолдау көрсетіп отырған сириялық көтерілісшілер Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында жихадшыларға қарсы ірі операция бастайды.

Сенбі күні Түркия прездиенті Режеп Ердоған ресейлік ұшақтардың қолдауымен "Азат Сирия армиясы" көтерілісшілері шабуыл жасайтыны туралы мәлімдеген. Операцияның басты мақсаты – Сирияның Түркиямен шекарасына іргелес провинцияның көп бөлігін бақылауында ұстап отырған жихадшыларды ығыстыру. Әңгіме "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының Сириядағы ең ірі исламшылар альянсы – "Тахрир әл-Шам" қарулы жасағы туралы болып отырғанға ұқсайды деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Түркияның Идлиб провинциясындағы соғыс қимылдарына қатысуы Сириядағы "деэскалация" аймақтары туралы 15 қыркүйекте Астанада Ресей, Иран және Түркияның қатысуымен өткен келіссөздер нәтижесінде жасалған келісімде қарастырылған болатын.

Анкара Дамаскідегі орталық билікке қарсы көтерілісшілерді қолдайды, ал Мәскеу мен Тегеран Сирия президенті Башар Асадтың режимін жақтайды.

XS
SM
MD
LG