Accessibility links

Испанияда Каталонияға қатысты шерулерге мыңдаған адам қатысты


Мадрид пен Барселонадағы шерулер. 7 қазан 2017 жыл.
Мадрид пен Барселонадағы шерулер. 7 қазан 2017 жыл.

Сенбі күні Испанияның 50 қаласында он мыңдаған адам 1 қазанда аймақ тәуелсіздігі туралы референдум өткізген Каталония төңірегіндегі дағдарысты бейбіт реттеуді қолдауға шақырған шерулерге қатысты. Испания билігінің мәліметі бойынша, Мадридтің орталығындағы ел бірлігіне шақырған "патриоттық" шеруге 50 мыңға жуық адам жиналған.

Ал Мадрид пен Барселона арасында диалог өткізуді жақтайтындар қалалық ратуша маңында жеке акция өткізген, оған бес жарым мыңға жуық адам қатысқан.

Баспасөз құралдарының хабарлауынша, Испания премьер-министрі Мариано Рахойдың атына қатты сын айтылған.

Барселона мен Валенсияда "Қане, сөйлесейік" деп аталатын топтың белсенділері "Испания басшыларынан артық" деген ұранмен шерулер өткізген.

Сенбі күні Каталония автономдық аймағының жетекшісі Карлес Пучдемон әзірше орталық үкіметпен байланысқа шықпағанын айтып, Мадрид референдумде Каталонияның тәуелсіздігін қолдап дауыс берген екі миллионнан аса сайлаушының пікірімен санасуы керек деп мәлімдеген. Мадрид Каталония тәуелсіздігі туралы референдумды заңсыз деп жариялаған.

9 қазанда Каталония парламенті референдумге баға беруі тиіс. Пучдемон сейсенбі, 10 қазан күні сөйлемекші. Оның не туралы айтатыны әзірше белгісіз. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Каталония басшысы автономдық аймақтың Испания құрамынан шығатыны туралы жариялауы мүмкін деген болжам айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG