Accessibility links

Барселонада Испанияның бірлігін қолдау шеруі өтіп жатыр


Испанияның бірлігін қолдау шеруі. Барселона,
8 қазан 2017 жыл.
Испанияның бірлігін қолдау шеруі. Барселона, 8 қазан 2017 жыл.

Каталонияның орталығы Барселонада Испанияның бірлігін қолдауға арналған кезекті акцияға мыңдаған адам жиналды. Шеруге қатысушылар каталониялықтарды біртұтас елдің құрамында қалуға шақырды. Акцияға жергілікті бизнес өкілдері де қосылды.

Шеру соңында Еуропарламенттің бұрынғы төрағасы Хосеп Боррель мен әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Марио Варгас Льоса манифест оқиды деп жоспарланған.

Бұған дейін Испания премьер-министрі Мариано Рахой Каталония тәуелсіздігіне жол бермейтіні туралы мәлімдеген. Ол қажет болса орталық билік аймақтың автономиясын жойып, Каталония үкіметін таратып жіберуге баратынын ескерткен. Испания конституциясында мемлекет тұтастығын сақтау үшін ондай шаралар қолдану қарастырылған.

XS
SM
MD
LG