Accessibility links

Өзбекстанда саяси тұтқын Агзам Тургунов түрмеден босады


Өзбекстандық саяси тұтқын Агзам Тургуновтың түрмеден босаған сәті. 7 қазан 2017 жыл.
Өзбекстандық саяси тұтқын Агзам Тургуновтың түрмеден босаған сәті. 7 қазан 2017 жыл.

Өзбекстан билігі 7 қазанда оппозициялық "Эрк" демократиялық партиясының белсендісі, тіркелмеген "Мазлум" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Агзам Тургуновты түрмеден босатты. Ол 2008 жылы "ақша бопсалады" деген айыппен тоғыз жылға сотталған еді. Тургуновтың түрмеден шыққаны туралы "Орталық Азиядағы адам құқығы" ұйымының төрайымы Надежда Атаева Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Сәл кейінірек Ташкенттегі "Эзгулик" адам құқығын қорғау ұйымының белсендісі Әбдурахман Ташанов Facebook-тегі парақшасында Агзам Тургуновпен бірге түскен видеосын жариялады.

Тургунов ұсталған соң 18 күн бойы ол туралы мәлімет болмаған. Оны тергеу кезінде арқасына ыстық су құйып қинаған. Оппозициялық белсендіні жалпы режимдегі колонияға тоғыз жылға соттаған.

Өзбекстанда соңғы бірнеше күнде осымен үшінші саяси тұтқын бостандыққа шықты. Халықаралық ұйымдар олардың барлығын қолдан жасалған айыптармен соттаған деп есептейді.

XS
SM
MD
LG