Accessibility links

АҚШ пен Түркия иммиграциялық емес виза беру қызметтерін тоқтатты


Анкарадағы АҚШ елшілігі.
Анкарадағы АҚШ елшілігі.

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі осы елдегі барлық иммиграциялық емес виза беру қызметін тоқтататынын хабарлады.

Анкарадағы АҚШ елшілігі 8 қазанда соңғы уақыттағы оқиғалар Түркия үкіметінің АҚШ дипломатиялық өкілідігі мен оның қызметкерлерінің қауіпсіздігін қорғайтыны туралы уәдесін "қайта бағалауға" мәжбүр қылғанын мәлімдеді.

Анкара да 8 қазан күні кешке АҚШ-тың бұл қадамына жауап ретінде Түркияның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктеріндегі барлық иммиграциялық емес виза беру қызметтерін тоқтататынын және ол бірден күшіне енетінін жариялады.

Екі ел арасындағы дипломатиялық шиеленіс түркиялық ақпарат құралдары АҚШ-тың Стамбулдағы консулдығында жұмыс істейтін жергілікті қызметкердің АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленнің тобымен байланысы бар деген күдікпен қамауға алынғанын хабарлаған соң басталған. Ресми Анкара Гүленді 2016 жылы жазда іске аспай мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. Гүлен өзінің төңкеріс әрекетіне қатысы барын жоққа шығарады.

Мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, елшілік қызметкері "тыңшылық жасады және Түркия билігін құлатпақ болды" деген күдікке ілінген.

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігі 5 қазанда Вашингтонның тұтқындауға қатысты алаңдаушылық білдіріп, "айыптаудың негізсіз екеніне сенімді екенін" мәлімдеген.

Анкара біраздан бері Вашингтоннан Фетхулла Гүленді қайтаруды талап етіп отыр.

XS
SM
MD
LG