Accessibility links

Бішкекте вице-премьер Темир Жумакадыровпен қоштасып жатыр


Темир Жумакадыров.
Темир Жумакадыров.

Бішкектегі Токтоболот Абдумомунов атындағы Қырғызстан ұлттық академиялық театрында бүгін 7 қазанда Шу облысында жол апатынан қаза тапқан вице-премьер Темир Жумакадыровпен қоштасу өтіп жатыр. Марқұм Бішкектегі Ара-Арча зиратына жерленеді.

Бұған дейін үкімет өкімімен премьер-министр Сапар Исаков басқаратын Жумакадыровты жерлеуді ұйымдастыру комитеті құрылған.

Вице-премьер Жумакадыров пен оның көмекшісі Нұрлан Жамгырчиев және жүргізуші Нұрбек Мұқанов отырған Toyota Land Cruiser көлігі 7 қазан күні таңғы сағат сегіз жарымда Талас облысына кетіп бара жатқанда Бішкек - Чалдовар жолында КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктегі үш адам түгел опат болған.

Қырғызстан президенті сайлауын өткізу жөніндегі республикалық штабтын басқарған Темир Жумакадыров Талас облысына сайлау учаскелерінің дайындығын тексеру үшін іссапамен бара жатқанда апатқа ұшыраған.

Тергеушілер КамАЗ жүргізушісінен жауап алып жатыр.

38 жастағы Жумакадыров президент сайлауын өткізу бойынша республикалық штабты басқарған. Ол биыл тамызда қауіпсіздік мәселелері бойынша вице-премьер болып тағайындалған. Бұған дейін Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG