Accessibility links

Қытайда 5 жылда 1 миллионнан астам шенеунік жазаланған


Қытай Коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелері (Көрнекі сурет).
Қытай Коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелері (Көрнекі сурет).

Қытайда соңғы бес жылда коррупциялық қылмыстар жасады деген айыппен 1 миллион 300 мың шенеунік жазаланды және олардың барлығы - іс басындағы партияның мүшелері. Бұл жайында 8 қазанда Қытай коммунистік партиясының тәртіптік тексеру жөніндегі орталық комиссиясы хабарлады.

Жазаланған 650 мың адамның арасында ауыл және кент деңгейіндегі шенеуніктер де бар. Олар ұсақ коррупциялық қылмыстары сотталған. Қылмыс жасағандардың нақты қандай жазаға ұшырағаны айтылмайды.

Комиссия 2012 жылдың қарашасынан бері Қытайдың бақылаушы органдары 155 мың партия ұйымын тексеріп, ары қарай тексеру қажет 65 мың күдікті жайтты анықтаған.

XS
SM
MD
LG