Accessibility links

Министр: Бейресми жұмыс істейтіндердің жағдайы алаңдатады


Тамара Дүйсенова, Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенова, Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстанда тексеру нәтижесінде тіркелмеген 320 мың жұмыссыз адам және 1,4 миллион "өнімсіз жұмыс істейтіндер" анықталған. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл жайында Астанада мәжілістегі үкімет сағатында еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.

"Биыл біз үй-үйді аралап, 5,6 миллион адамның бейресми өзін-өзі жұыспен қамту деңгейін бағаладық. Нәтижесінде бір миллионға тарта адамның жұмыспен қамтылғанын, бірақ зейнетақы жарнасы төленбейтінін, сонымен қатар 330 мың тіркелмеген жұмыссызды, 1,4 миллион өнімсіз жұмыс істейтіндерді анықтадық" деді Дүйсенова.

Министрдің сөзінше, еңбек келісім-шартының саны артқанымен, бейресми еңбек қатынастары алаңдаушылық тудырып отыр.

"Соңғы екі жылда еңбек инспекторлары еңбек келісім-шартын жасамай, жұмысшылар еңбегін пайдаланған мыңнан астам жұмыс берушіні анықтады. Олар негізінен біліктілігі төмен жұмысшылар, құрылыс, сауда салаларында, қоғамдық тамақтану орындарында, ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыс істейтіндер" деді Дүйсенова.

Ол үкімет қазір "жұмыспен қамтылған тұрғындарды "ресмилендіру" шараларын қарастыратын жоспар жасап жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG