Accessibility links

Экономикадағы Нобель сыйлығының иегері жарияланды


Ричард Талер, америкалық экономист.
Ричард Талер, америкалық экономист.

Америкалық экономист, Чикаго университетінің профессоры Ричард Талер экономика саласы бойныша Нобель сыйлығына ие болды. Сыйлық ғалымның мінез-құлықпен байланысты экономиканы зерттеудегі үлесі үшін берілген. Нобель комитетінің мәлімдемесінде Талердің адамдардың қаржы шығындауына ықпал ететін факторларды, оның ішінде мінез-құлықтың рационалды аспектілерін, әлеуметтік басымдықтары мен өзін-өзі қадағалауын зерттегені айтылады.

Медицина, физика, химия, әдебиет және бейбітшілік салаларындағы сыйлықты Альфред Нобельдің өзі тағайындаған, ал экономика саласындағы Нобель сыйлығын 1968 жылы Швеция Орталық банкі тағайындаған. Оны "Альфред Нобельді еске алу" сыйлығы деп те атайды.

Биыл Нобель қоры 2001 жылдан бері бірінші рет сыйлыққа берілетін ақшалай жүлде көлемін сегіз миллионнан тоғыз миллион швед кронына (шамамен 1,1 миллион доллар) дейін ұлғайтты.

Экономика бойынша Нобель сыйлығы өткен жылы америкалық Оливер Харт пен Бенгт Хольмстремге келісімшарт теориясын зерттеуге қосқан үлесі үшін берілген.

XS
SM
MD
LG