Accessibility links

Қазақстан премьері Атамбаевтың сөзін "жауапсыздық" деп атады


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.
Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан экономикасының дамуына қатысты айтқандарын "жауапсыздық" деп атады. Сағынтаевтың пікірі үкімет сайтында жарияланды.

Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, қырғыз президентінің "сайлау қарсаңында жасаған" мәлімдемелері "екі елдің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достығына сызат түсірмеуі керек".

Бақытжан Сағынтаев бұл жылдары "Қазақстан әрдайым қырғыз халқымен бірге болғанын" айтты. Оның мәліметі бойынша, Қазақстан Қырғызстан экономикасына 820 миллион доллар инвестиция салған.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 7 қазанда Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынады. Атамбаев сөзінде жуырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласы мен Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі көрсеткіштерін салыстырған мәлімдемесін еске алды.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазақ билігін сынады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:23 0:00

XS
SM
MD
LG