Accessibility links

Ресейде соқтығысқан автобуста үшінші қазақстандық болғаны хабарланды


Владимир облысында теміржолда пойызбен соқтығысып, қираған автобус. Ресей, 6 қазан 2017 жыл.
Владимир облысында теміржолда пойызбен соқтығысып, қираған автобус. Ресей, 6 қазан 2017 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Ресейдің Владимир облысында пойызбен соқтығысқан жолаушылар автобусында үш қазақстандық болғанын хабарлады. Бұған дейін автобуста Қазақстанның екі азаматы болғаны туралы хабарланған еді.

"Автобуста барлығы үш қазақстандық болған. Олардың бірі қаза тапты, екіншісі жүргізуші, үшіншісінің жолаушылардан ақша жинағанын анықтадық. Қазір ол басқа бап бойынша ұсталған, бірақ бүгін заңсыз миграция ісі бойынша оның мәртебесі анықталады" деді Жайнақовқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат. Жайнақовтың сөзінше, қазақстандық дипломаттар Владимирдегі жол апаты ісін тергеушілермен байланысып отыр.

Мәскеудің көліктегі тергеу комитеті автобустың тірі қалған жүргізушісі Нұрғали Сармановты қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша ұстаған. Мәскеу сотының шешімімен ол 6 желтоқсанға дейін қамауда болмақ.

"Жол апаты болған сәтте автобуста болған тірі қалған екінші қазақстандыққа уақытша тұтқындалған және заңсыз миграция туралы іс бойынша куәгер тергеліп жатыр. Бүгін оның мәртебесі анықталады деп отырмыз" деді Жайнақов.

6 қазан күні түнде Владимир облысында Өзбекстанның 55 азаматын тасымалдап бара жатқан қазақстандық автобус теміржолда Санкт-Петербург - Нижний Новгород бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустағы 17 адам қаза тапқан. Құрбандардың біреуі - автобус жүргізушісі Қазақстан азаматы. Тағы бір жүргізуші - Қазақстан азаматы аман қалған. Қазақстан билігінің ақпараты бойынша, Mercedes маркалы автобус Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тіркелген және халықаралық бағытта жолаушылар тасымалдауға лицензиясы болған.

Ресейдегі автобус апаты (06.10.2017)

Ресейдегі автобус апатынан кемінде 16 адам қаза болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00

XS
SM
MD
LG