Accessibility links

Астанада екі министрлік қызметкерлері коррупция күдігіне ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі комитетінің экономика, бюджетті жоспарлау және бухгалтерлік есеп жөніндегі басқармасының жетекшісі М.К.Мырзатаев пен қаржы министрлігінің мемлекеттік ішкі аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б.Медеубеков коррупция күдігімен тұтқындалды. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, күдіктілер 9 қазанда ұсталған.

Тергеушілердің айтуынша, Мырзатаев мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан оларды "жеңімпаз деп тану және келісім бойынша төлемді жеделдету үшін" "жүйелі түрде" пара алған деген күдікке ілінген.

Ұлттық бюро 9 қазанда Мырзатаевтың "мердігер ұйымның мүддесін қорғау мақсатында" қаржы министрлігі мемлекеттік ішкі аудит комитетінің бас сарапшысы Медеубековке "тендердің нәтижесін жою үшін" бір миллион теңге пара беріп жібергенін хабарлады.

Күдіктілер Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

XS
SM
MD
LG