Барселона мэрі Ада Колау Каталонияның тәуелсіздігін бір жақты түрде жариялауына қарсы шықты. Ол Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемонды бұлай істемеуге, ал Испания премьер-министрі Марианов Рахойды Каталонияда Мадридтің тікелей басқаруын орнатпауға шақырды. Ада Калоудың пікіріне қарағанда, диалог пен ынтымақтастық орнату үшін қазір екі жақтың бітімге келуіне ымыра жасалуы керек.
8 қазанда Барселонада Испаниядан бөлінуге қарсылардың митингісі өткен. Әрқилы есеп бойынша, көшеге 350 мыңнан 950 мыңға дейін адам шыққан.
Ендігі бірнеше банк пен компания ендігі Каталониядан кетіп, кеңселерін Мадридке ауыстыратынын мәлімдеп үлгерді.
10 қазанда Каталония парламентінде жиын өтіп, онда автономия басшысы Карлес Пучдемон аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялауы мүмкін.
Франция мен Германия да Каталонияның Испаниядан тәуелсіздігін жариялауына қарсылық білдіріп, Испанияның біртұтас болуы жақтады.
Каталонияда 1 қазанда тәуелсіздік алу жөнінде референдум өткен. аймақтың Испания құрамынан шығуын дауыс бергендердің 90 пайызы қолдаған. Мадрид референдумды заңсыз деп таныған. Еуропа комиссиясы да дауыс беруді қолдамайтынын білдірген.