Accessibility links

Мәскеуде Навальный басқаратын қор директоры ұсталды


Роман Рубанов, Алексей Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қорының директоры.

Мәскеуде 10 қазанда таңертең сот жасауылдары оппозициялық саясаткер Алексей Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) директоры Роман Рубановты тұтқындады. Бұл жайында Рубановтың өзі Twitter-де хабарлады.

Рубановты өзінің үйінің алдында ұстап, Федералдық сот жасауылдары қызметінің Мәскеудегі басқармасына алып барған. Рубанов жариялаған қаулыда тұтқындаудың ККҚ-ның миллиардер Алишер Усмановтың шағымы бойынша "Он вам не Димон" фильмінен премьер-министр Дмитрий Медведевтің тіркелмеген жылжымайтын мүлкі туралы үзіндісін жоюдан бас тартуы себеп болғаны айтылған.

Мамырда Мәскеудің Люблинский аудандық соты Усмановтың ККҚ мен оны құрған Алексей Навальныйға қарсы шағымын қанағаттандырған. Сот оппозиционерді "Он вам не Димон" фильміндегі миллиардердің коррупцияға қатысы бар болуы мүмкін екендігі туралы үзінділерін жойып, тұжырымын жоққа шығаруға міндеттеген. Бірақ Навальный сот шешімін орындамаған.

2 қазанда Навальный "рұқсат берілмеген көпшілік шараға қатысуға жұртты бірнеше рет шақырды" деп айыпталып, 20 тәулікке қамалған. Қамауда отырған ол жақтастарын 7 қазанда қарсылық акциясына шығуға шақырған. 7 қазанда Ресейдің бірнеше қаласында наразылық жиындары өткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG