Accessibility links

Ресейде Су-24 ұшағы апат болып, экипаж қаза тапты


Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағы.
Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағы.

Сирияның Ресей әскери күштері орналасқан Хмеймим базасында Су-24 бомбалаушы ұшағы әуеге көтеріліп бара жатып ұшу-қону алаңының шетіне құлады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ экипажы катапультпен секіріп үлгере алмай қаза тапты. Әуе апаты 10 қазанда болған.

Су-24 ұшағында екі ұшқыш болады.

Мәскеу Сириядағы азаматтық соғыста президент Башар Асад үкіметіне әскери және дипломатиялық қолдау көрсетеді.

Ресей 2015 жылы қыркүйекте Асад үкіметін қолдау үшін Сирияда әуе мен құрлықта әскери операция бастаған.

XS
SM
MD
LG