Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында шахтада жұмысшы қаза тапты


Шығыс Қазақстан облысының картасы (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының картасы (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште ықтимал төтенше оқиғадан жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Компания ақпаратына қарағанда, 9 қазанда кешкі сағат сегіз шамасында Артемьев шахтасында электр слесарі ток соғып мерт болған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылған.

Артемьев шахтасы Шемонаиха ауданында, Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 120 километр қашықтықта орналасқан. KAZ Minerals мәліметінше, шахта "Востокцветмет" кәсіпорны құрамында.

XS
SM
MD
LG