"СК-Фармация" компаниясы мен "КазСибФармацея" компаниясының жетекшілері мемлекеттен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген қаржыны жымқырды деген деген күдікке ілінді деп хабарлады Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
Жергілікті ақпарат агенттіктері бүгін коррупцияға қарсы қызмет "бюджеттен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмек сатып алуға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі" бойынша бірнеше адамға, оның ішінде "СК-Фармацияның" басқарма төрағасы Максим Касаткинге қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған.
Тергеушілердің тұжырымы бойынша, Касаткин тендер кезінде "КазСибФармацея" компаниясының мүддесі үшін басқа бәсекелестердің өтініштерін қайтарып тастап отырған. "КазСибФармацея" компаниясы дәрі-дәрмектерді денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ең жоғарғы 15 пайыздық көтерме бағадан қымбатқа сатқан.
Тергеу болжамынша, "СК-Фармация" мен КазСибФармация" басшылары 2015 жылдан бастап 1,8 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған.
Сот санкциясы бойынша Касаткин мен "КазСибФармацея" директоры А.О.Ахметов қамауға алынып, тергеу жүрізіліп жатыр.