Accessibility links

Тбилисиде полиция мен оппозиция жақтастары қақтығысты


Тбилиси қалалық кеңесі алдындағы "Ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының жақтастары мен полицияның қақтығысы. Грузия, 10 қазан 2017 жыл.
Тбилиси қалалық кеңесі алдындағы "Ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының жақтастары мен полицияның қақтығысы. Грузия, 10 қазан 2017 жыл.

Тбилиси ратушасының маңында полиция мен оппозициялық "Ұлттық қозғалыс" партиясының белсенділері қақтығысып, 8 адам қамауға алынды. Белсенді топ миллардер Бидзина Иванишвилимен байланысы бар компанияға биліктің "Еркіндік алаңындағы" жер телімін беруіне наразылық білдірді

Полиция оппозициялық партия өкілдерін қалалық кеңес жиналысына жібермей қойған соң басталған. Конституция бойынша, жергілікті орган жиналыстарына Грузия парламентінің өкілдері қатыса алады. Бірақ Тбилиси қалалық кеңес төрағасы жиналысты "жабық өтеді" деп жариялаған. Мұнда Иванишвилидің бір компаниясына жеті жұлдызды қонақ үйге қажетті жер телімін беру мәселесі талқыланған.

Оппозиционер депутаттар полиция қоршауын бұзып өтуге тырысқанымен, полицияның қарсылығына тап болды. Полиция бірнеше белсендіні қамауға алған. Оларға әкімшілік жаза белгіленеді.

Тбилиси қалалық кеңесі оппозицияшыл депутаттардың наразылығына қарамастан, биліктегі басымдыққа ие "Грузия арманы" партиясының депутаттары жер телімін компанияға беру туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG