Accessibility links

Сахаров сыйлығына басты үш үміткер анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа парламентінің депутаттары биылғы жылдың Сахаров сыйлығынан басты үш үміткерді анықтады. Олар - венесуэлалық оппозиционерлер тобы, Гватемала құқық қорғаушысы Аура Лолита Чавес Ишкакик пен швед-эритреялық саяси тұтқын Давит Исаак.

Сыйлық иегері 26 қазанда жарияланады. Марапаттау рәсімі желтоқсанда Страсбургте өтеді.

Сахаров сыйлығын 1988 жылы Еуропа парламенті тағайындаған және ол адам құқықтары мен еркіндігін қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін беріледі. Сыйлықтың 50 мың еуро көлеміндегі ақшалай жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG