Accessibility links

Бозымбаевқа бензин тапшылығына байланысты сөгіс жарияланды


Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.
Қанат Бозымбаев, Қазақстан энергетика министрі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа елдегі бензин тапшылығына байланысты сөгіс жариялады. Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсынысты премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 10 қазанда Астанада үкімет отырысынан соң жасаған.

Сөгіс Қазақстандағы жанармай бекеттерінде бензин тапшы болып, бағасы қымбаттай бастаған кезде жарияланып отыр. Кеше үкіметтегі жиында Бозымбаев елдегі жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде туындаған проблемалар туралы есеп берген соң үкімет басшысы оның орынбасары Әсет Мағауовты қызметінен боастқан. Мағауов бұдан бір күн бұрын министрлік АИ-92 маркалы бензин тапшылығын алдын ала болжағанын мәлімдеген еді.

Сағынтаев сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевқа да сөгіс жариялап, бірінші орынбасары Данияр Берлібаевты қызметінен босатуды тапсырған.

Президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада Бозымбаевқа "ішкі жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тиісті деңгейде қадағалай алмай, өзіне жүктелген міндетті лайықты атқара алмағаны үшін" сөгіс берілгені айтылады.

Орталық Азиядағы мұнай өндіретін Қазақстанда бензин тапшылығы қыркүйекте елдегі ірі үш мұнай өңдеу зауытының бірі жөндеуге жабылып, бензин импорты ұлғайғаны жарияланғаннан бері пайда болған.

ВИДЕО: Қазақстандағы бензин тапшылығы туралы хабар

Шенеуніктер сөгіс алды - бензин қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

XS
SM
MD
LG