Accessibility links

Беларусьте ресейлік тарихшы Петр Рябов қамалды


Баранович қалалық сотындағы тақтайша, Беларусь (Көрнекі сурет).
Баранович қалалық сотындағы тақтайша, Беларусь (Көрнекі сурет).

Беларусьте ресейлік тарихшы, философ Петр Рябов алты тәулік қамауға алынды. Баранович қаласының соты оны экстремистік мазмұндағы әдебиетті таратып, көпшілік алдында балағат сөз айтты деп айыптады.

Беларусьтік "Весна" құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 11 қазанда болған сот үзілісінде залда сот процесін бақылауға барған құқық қорғаушы Александр Войтешик те ұсталды.

Мәскеу педагогикалық университетінің философия кафедрасының доценті Петр Рябов 10 қазанда Баранович қаласында, Мәскеуге кетуге жиналып жатқанда тұтқындалған. Милиционерлер оны өздеріне "боқауыз сөз айтты" деп айыптаған.

9 қазанда Рябов Гродно қаласында "20-ғасырдың соңғы үштен бірі мен 21-ғасырдың басындағы либертарлық әлеуметтік ой" деген тақырыпта дәріс оқымақ болған. Дәріс болатын залға милиция баса-көктеп кіріп барып, бірнеше белсендіні ұстаған, бірақ кейін босатып жіберген. Дәрісті ұйымдастырушылардың айтуынша, Рябовта "Еркіндік немесе өлім" деп аталатын анархиялық брошюра болған.

XS
SM
MD
LG