Accessibility links

Трамп АҚШ-тың "ядролық арсеналды көбейтетінін" жоққа шығарды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC сайтының "елде ядролық қару он есеге көбейтетіні" туралы хабарын сынады. Ол бұны өзін "қорлау үшін ойдан шығарылған" деп атады.

NBC News сайты 11 қазан күні жариялаған мақаласында Трамп ядролық оқтұмсыз санын 1960 жылдардағыдай 32 мыңға жеткізуді тапсырды деп жазды. Телеарна бұл мәлімет туралы қауіпсіздік жиналысына қатысқан үш адамның айтқанына сілтеме жасайды.

Сайт мәліметіне қарағанда, Трамп АҚШ әскерінің санын арттыруды да тапсырған.

Қауіпсіздік кеңесінің 20 маусымында өткен жиналысы туралы бұған дейін ешнәрсе хабарланбаған.

XS
SM
MD
LG