Accessibility links

Мадрид: Каталония 16 қазанға дейін мәртебесін анықтауы тиіс


Мариано Рахой, Испания премьер-министрі.
Мариано Рахой, Испания премьер-министрі.

Испания үкіметі Каталония билігі 16 қазанға дейін тәуелсіздік мәселесі бойынша шешім қабылдауы тиіс екенін мәлімдеді.

Испания премьер-министрі Марионо Рахойдың мәлімдеуінше, егер Каталония аймағының басшысы Карлес Пучдемон аймақ тәуелсіздігін жарияласа, онда оған шешімін өзгертуге үш күн уақыт беріледі.

Мадрид егер Каталония билігі бұлай істемесе Испания конституциясының 155-бабына сүйеніп, Каталонияның аймақтық автономия мәртебесін тоқтатып, тіке басқару жүйесін енгізбек.

Бұған дейін Рахой Барселонадан аймақ парламент 10 қазанда Испания құрамынан шығу туралы шешім қабылданған, я қабылданбағанын түсіндіруді талап еткен.

Пучдемон 10 қазанда Каталония 1 қазанда өткен референдумда тәуелсіздігін жариялау құқығына ие болғанын мәлімдеген, бірақ тәуелсіздігін ресми түрде жариялауды кейінге қалдырған.

Референдумда дауыс бергендердің 90 пайыздан астамы Каталонияның тәуелсіздігін қолдаған. Бірақ Мадридтегі орталық билік референдумды заңсыз деп жариялаған. Каталониядағы дауыс беруді Еуропа Одағының өзге де жетекші елдері - Германия, Франция және Италия да мойындаудан бас тартып, дағдарысты Барселона мен Мадрид арасында келіссөз жүргізу арқылы шешуге шақырған.

XS
SM
MD
LG