Accessibility links

Медведев Ресей газын Мароккоға тасымалдауды талқылады


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.
Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Марокко астанасы Рабатқа жұмыс сапарымен барып, осы елге Ресейден сығымдалған табиғи газ тасымалдау жайын талқылады. 11 қазан күнгі сапарда энергетикалық, қорғаныс және басқа да салаларда бірнеше келісімге қол қойылды.

Дмитрий Медведев сапарында Марокко премьер-министрі Саад Эддин Эль Отманимен кездесіп, 11 екі жақты келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Келісімдер кеден, ауыл шаруашылығы, әскери іс, мәдениет, ядролық энергетика салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды.

Медведев сығымдалған газ тасымалдау жобасын "Марокко экономикасының сұранысын өтейді" деп атап атады.

Ресей энергетика министрі Александр Новак өткен айда Мароккоға сапарында Ресейдің қайта газдандыру терминалын салуға қатысуға дайын екенін айтып, тараптар "Газпром" және "Новатэк" компанияларының газ жеткізу жайын талқылағанын мәлімдеген болатын.

Новактың сөзінше, Мароккода санаулы ғана мұнай мен газ кеніші бар. Марокко 2019 жылы Атлант мұхиты жағалауындағы Джорф-Ласфар қаласында сығымдалған газ терминалын салуды жоспарлап отыр.

Медведевпен бірге Мароккоға үкімет делегациясы және ірі бизнес жетекшілерімен бірге барды. Ресей премьері бұған дейін Алжирге барып, мұнай бағасы мен энергетикалық саладағы ынтымақтастықты талқылаған.

XS
SM
MD
LG