Accessibility links

Латын әліпбиін құрастырушылар: Мінсіз әліпби жасау мүмкін емес


Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-методикалық орталығының директоры Ербол Тілешов (ортада) пен Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек. Астана, 12 қазан 2017 жыл.
Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-методикалық орталығының директоры Ербол Тілешов (ортада) пен Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек. Астана, 12 қазан 2017 жыл.

Осы аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ тілінің жаңа латын графикасы жобасын ұсынғандар "мінсіз" әліпби жасау мүмкін емесін мәлімдеді.

12 қазанда Астанада өткен баспасөз конференциясында Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-методикалық орталығының директоры Ербол Тілешов пен Бай12 қазан 2017 жыл.тұрсынов атындағы тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек 32 әріптен тұратын латын әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды. Онда қазақ тіліне ғана тән кейбір дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған.

- Бір айта кететін нәрсе, басы бүтін, толыққанды, кемшілігі жоқ әліпби ешкімде болмайды. Ешбір тілде ондай әліпби жоқ. Кез келген әліпбиде арнайы ереже, арнайы түсініктеме болады. Екінші мәселе, әліппбидің оңайы болмайды. Әліпбидің бәрі күрделі, - деді Жүнісбеков.

Профессор Жүнісбек филологтар ерекше дыбыстарды таңбалауға арналған үш нұсқа барын айтады. Олар - әріптерге апостроф қосып қолдану, умлаутпен (қос нүкте) немесе диграф (қосарланған таңба) арқылы таңбалау.

- Диграф нұсқасын қабылдамай тастады. Енді апострофтық жүйе қалып тұр, - деді Жүнісбек.

Ербол Тілешовтің айтуына қарағанда, Қазақстанда бұған дейін әліпбиге қатысты қоғамдық сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға жауап бергендердің 85-90 пайызы филологтар бұған дейін ұсынған, диграф қолданатын әліпбиге көңілі толмаған. Әлімхан Жүнісбек жұрт бір дыбысты екі әріппен жазып үйренбегендіктен оған көпшілігі қарсы болғанын айтады.

Оқыңыз: Диграфты латынша әліпбиді сынау күшейді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл жыл басында жасаған мәлімдемесінде "2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеу, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің" нақты кестесін жасауды тапсырған еді.

Осы аптаның басында әліпби жасаушы топ Назарбаевпен кездескен. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаевқа "қоғадық талқылау кезінде түскен ұсыныстарды ескеріп, латын графикасы негізінде жасалған қазақ тілінің жаңа әліпбиі жобасын таныстырған".

Назарбаев бұған дейін латын әліпбиіне көшу үрдісі "орыс тілді тұрғындардың, орыс тілі мен басқа да тілдердің құқығына" тимейтінін бірнеше рет айтқан.

XS
SM
MD
LG