Accessibility links

Қырым татарларының алты белсендісі екі айға қамалды


"Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланысы бар" деген күдікпен тұтқындалған Қырым татарларының алты белсендісінің жақтастары Симферополь сотына жиналып тұр. Қырым, 12 қазан 2017 жыл.
"Хизб ут-Тахрир" ұйымымен байланысы бар" деген күдікпен тұтқындалған Қырым татарларының алты белсендісінің жақтастары Симферополь сотына жиналып тұр. Қырым, 12 қазан 2017 жыл.

Симферопольдің Ресейге бағынышты соты Қырым татарларының алты белсендісін "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген күдікпен екі айға қамады. Азаттықтың Қырым редакциясының хабарлауынша, күдікті белсенділерді қолдап, сотқа 100-ден астам адам жиналған.

11 қазанда Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) аймақтық басқармасы Бақшасарайда Қырым татарларының алты белсендісінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын, Ресей ішкі әскерімен бірге оларды тұтқындау операциясы жүргізілгенін хабарлаған.

Биыл көктемде Севастополь соты осындай айыппен Қырым татарларының төрт белсендісіне бас бостандықтарынан айыру жазасын кескен. Шілдеде олардың бірі - Ринат Зейтуллаевтың жазасы 15 жылға дейін ұзартылған.

Кеше Бақшасарайда 11 қазанда ұсталған "Қырым ынтымақтастығы" ұйымының тоғыз белсендісінің бесеуі полицияға өздерін Ресей күш құрылымдарының өкілдері соққыға жыққаны туралы шағымданған.

Бұған дейін сот тоғыз белсендіні де "рұқсат берілмеген көпшілік шараға қатыст" деп айыптап, 10 мыңнан 20 мың рубль көлеміне дейін айыппұл салған. "Қырым ынтымақтастығы" ұйымының мәліметінше, белсенділер шын мәнінде тұтқындалған отандастарын қолдауға жиналған.

Құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділер Ресей билігі Қырым татарларын олар Мәскеудің түбекті аннексиялап алуына қарсы шыққаны үшін қудалап жатыр деп біледі.

XS
SM
MD
LG