Accessibility links

Афиныда ТИҚП басшыларының бірі ұсталды


Грекия полициясы (Көрнекі сурет).
Грекия полициясы (Көрнекі сурет).

"Афиныда (Грекия) Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы (ТИҚП) саяси кеңесінің мүшесі Шохнаими Карим ұсталды" деп хабарлады партияның баспасөз хатшысы Махмудджон Файзрахмонов. Соңғы жылдары Шохнаими Карим Түркия мен Иранда тұрған, ал оның отбасы әлі күнге дейін Тәжікстанда тұрады.

Шохнаими Каримді (Мирзорахим Кузов) Грекия астанасының халықаралық әуежайында 9 қазанда Интерполдың өтінішімен ұстаған. "Шохнаими Карим “генерал Абдухалим Назарзода бүлігіне” дейін Тәжікстаннан көшіп кеткен" деді тыйым салынған партия өкілі.

2015 жылы күзде Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың бүлік жасауға талпынысынан соң, ресми Душанбе ТИҚП-ты "төңкерісті ұйымдастырды" деп айыптаған. Тәжікстанның Жоғарғы соты партияны террористік деп танып, ел аумағындағы қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG