Accessibility links

Бекназаров Қырғызстан президенті сайлауынан шықты


Азимбек Бекназаров, Қырғызстан президенті сайлауынан шыққан кандидат.
Азимбек Бекназаров, Қырғызстан президенті сайлауынан шыққан кандидат.

Қырғызстандық қоғам қайраткері Азимбек Бекназаров президент сайлауынан кандидатурасын алатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 12 қазан күні кешке тікелей эфирде өткен дебатта айтты.

Бекназаров сайлаудың ақтық бәсекесіне қатыспауға шешім қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, бір ай бойы ол қырғызстандықтарға өзінің бағдарламасы туралы айтқан, бірақ сайлаудың соңғы сәтінде "таразыға ақша мен байлық" қойылған.

12 қазанда өткен дебатқа кандидаттар Азимбек Бекназаров, Адахан Мадумаров, Арсланбек Малиев және Темір Сариев қатысты. Билік кандидаты, іс басындағы президент Алмазбек Атамбаев қолдайтын Сооронбай Жээнбеков дебатқа қатысқан жоқ. Дебатты жүргізуші Алмаз Касымалиев Жээнбеков аймақтарда үгіт-насихат кампаниясын жүргізіп жүруіне байланысты дебатқа қатыса алмағанын айтты.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Бекназаров сайлау кампаниясына екі миллион сомнан (29 мың долларға жуық) астам қаржы жұмсаған.

Заң бойынша, кандидат сайлауға түсуден дауыс беруге үш күн қалғанға дейін бас тарта алады.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Сайлауға 11 кандидат түсіп жатыр.

XS
SM
MD
LG