Accessibility links

Байқоңырдан зымыран ұшыруды кейінге қалдыру себебі айтылды


"Союз" зымыран тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағына алып келе жатыр. 26 шілде 2017 жыл.
"Союз" зымыран тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағына алып келе жатыр. 26 шілде 2017 жыл.

"Байқоңырдан 12 қазанда "Союз 2.1а" зымыран тасығышын ұшыру зымыран тасығыштың техникалық себептеріне байланысты кейінге қалдырылды" деп хабарлады ҚазАқпарат.

Зымыран тасығыш орбитаға Халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға қажет "Прогресс МС-07" ғарыш кемесімен жүк жеткізуі тиіс болған. Ресейлік БАҚ Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозинге сілтеме жасап зымыран тасығыш "автоматиканың іске қосылып кетуінен" ұшырылмағанын және мемлекеттік комиссия оның ықтимал себептерін анықтап жатқанын хабарлады.

Байқоңырдан зымыран тасығышты ұшыру ұшуға соңғы минуттар қалғанда тоқтатылған. Ресей ғарыш агенттігі ("Роскосмос") бұған дейін зымыран тасығышты 14 қазанда ұшыру жоспарланып отырғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG