Accessibility links

Қазақстан Қырғызстан сайлауын бақылаудан бас тартты


Константин Петров, Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

"Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қырғызстанда өтетін президент сайлауына бақылаушы жіберуден бас тартты" деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровқа сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері.

13 қазанда ОСК жиынында сөйлеген Петров комиссия екі ел сайлау комиссияларының 2012 жылдың 9 тамызында қол қойған өзара түсіністік туралы келісімі бойынша, Қырғызстанда 15 қазанда өтетін президент сайлауынжеке мемлекет ретінде бақылаудан бас тартатынын айтты. Ол бұл шешімді Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясына сыртқы істер министрлігі арқылы хабарлауға ұйғарым жасады.

Жиынға қатысқан ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев Қырғызстандағы сайлауды бақылаудан "Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігін елдегі сайлауға ықпал етуге тырысып жатыр" деп айыптауына байланысты бас тартатынын айтып, әріптестерінен өзін қолдауды сұрады.

"Қазақстан ОСК Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың таяуда жасаған мәлімдемесін ескеріп, 2017 жылы 15 қазанда өтетін Қырғызстан президенті сайлауына бақылау жасаудан бас тартуға шешім қабылдады" делінген ОСК таратқан мәлімдемеде.

Онда сонымен қатар Қырғызстандағы президент сайлауына ТМД миссиясының, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы бюросының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, ЕҚЫҰ; ТМД және түркі тілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеяларының құрамында бақылау жасауға қазақстандық 46 бақылаушы жіберілгені айтылады.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазанның 7-сі күні Бішкек маңындағы Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті сайлауына қатысып жатқан жекелеген кандидаттармен бірге Қазақстан билігін де сынаған болатын.

ВИДЕО: Атамбаевтың Қазақстан билігін сынаған сөзі (8 қазан 2017 жыл):

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG