Accessibility links

БАҚ: Ресей Калининградтағы "Искандер" кешені санын арттырмақ


"Армия-2017" халықаралық әскери-техникалыө көрме аясында көрсетілімде тұрған "Искандер" зымыран кешені. Мәскеу облысы, 23 тамыз 2017 жыл.
"Армия-2017" халықаралық әскери-техникалыө көрме аясында көрсетілімде тұрған "Искандер" зымыран кешені. Мәскеу облысы, 23 тамыз 2017 жыл.

Ресей АҚШ-тың Балтық бойы елдеріне әскери күшін шоғырландыруына жауап ретінде Калининград облысына замануи "Искандер" зымыран кешендерін көптеп орналастыруы мүмкін. Бұл туралы ресейлік депутат Владимир Шамановқа сілтеме жасаған ТАСС және "Интерфакс" агенттіктері хабарлады.

Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің басшысы Шаманов Мәскеу елдің батыс аймақтарына, оның ішінде НАТО-ға мүше Польша және Литвамен шектес Калининград облысына қосымша "Искандер" зенит-зымыран кешендерін орналастыруы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам АҚШ-тың Польшаға бронды танк бригадаларын орналастырғанымен байланысты. Депутат ауыр әскери техниканы орналастыруға "халықаралық келісімдерде үзілді-кесілді тыйым салынғанын" айтады.

"Искандер" кешенінен атылған зымыран 500 километр қашықтықтағы нысананы жоғары дәлдікпен қағып түсіреді. Зымыранды жай немесе ядролық оқтұмсықпен жарақтандыруға болады.

Мәскеу бұған дейін АҚШ-ты Балтық бойы елдері мен Польшада әскери қуатын заңсыз күшейтіп жатыр деп айыптаған. Ресей АҚШ-тың Мәскеу мен НАТО-ның келісімін бұзып, тұтас бронды танк дивизиясын орналастырғанын мәлімдеген. Бірақ АҚШ пен НАТО ол айыптауды терістеген.

XS
SM
MD
LG