Accessibility links

АҚШ-тан соң Израиль ЮНЕСКО-дан шықпақ


ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінің алдындағы логотип. 12 қазан 2017 жыл.
ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінің алдындағы логотип. 12 қазан 2017 жыл.

Израиль АҚШ-тың соңын ала ЮНЕСКО-дан шығатын болды. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді. Оның сөзінше, ұйым "тарихты сақтаудың орнына, оны бұрмалап отыр".

Нетаньяху Израиль сыртқы істер министріне ЮНЕСКО-дан шығуға дайындықты бастауды тапсырды. Израильдің ұйымнан қашан шығатыны әзірге белгісіз.

12 қазанда АҚШ келесі жылдың соңына дейін ЮНЕСКО құрамынан шығатынын жариялаған. Вашингтон ұйымды "Израильге қарсы бағыт ұстанады" деп айыптайды.

Израиль бұған дейін ЮНЕСКО-ны Иерусалимдегі немесе Палестина территориясындағы мәдени мұраларға қатысты дауда "палестиналықтар жағына шығып кетті" деп бірнеше рет айыптаған.

Израиль былтыр, ЮНЕСКО Иерусалимнің шығысындағы Әл-Ақса мешіті орналасқан аумақты мұсылмандардың ғұрыптық орны деп көрсеткен қарар қабылдаған соң ұйымға мүшелігін тоқтатқан болатын. Бұл аумақты еврейлер Храм тауы деп атайды. Бірақ қарарда еврей халқының бұл орынмен байланысы көрсетілмеген.

ЮНЕСКО - БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Ол 1945 жылдан бері жұмыс істейді. 2011 жылы ЮНЕСКО құрамына Палестина автономиясы қабылданған. АҚШ пен Израиль бұған қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG