Accessibility links

АҚШ Иранның сақшылар корпусын санкциялар тізіміне алды


Иранның Ислам революциялық сақшылары корпусы санкциялар тізіміне енгізілгені туралы АҚШ қаржы министрлігі құжаты жарияланған сайт парақшасынан скриншот.
Иранның Ислам революциялық сақшылары корпусы санкциялар тізіміне енгізілгені туралы АҚШ қаржы министрлігі құжаты жарияланған сайт парақшасынан скриншот.

АҚШ үкіметі Иранның элиталық Ислам революциялық сақшылары корпусын (ИРСК) санкциялар тізіміне енгізді. АҚШ қаржы министрлігі ресми сайтында жариялаған мәлімдемесінде АҚШ конгресі қабылдап, президент Дональд Трамп тамызда қол қойған санкциялар туралы заңның 105 бөлімі күшіне енетіні туралы хабарлаған.

Мәлімдемеде ИРСК "кей террорлық ұйымдарға, соның ішінде "Хезболла" мен "ХАМАС" топтарына қолдау білдіретіні" айтылған. Сонымен бірге мәлімдемеде АҚШ үкіметінің мұндай шешімі ИРСК-ті шетелдік террорлық ұйым санау дегенді білдірмейтіні атап көрсетілген.

13 қазанда АҚШ-тың Иранға қарсы саясаты туралы сөзінде президент Дональд Трамп өз әкімшілігі ИРСК-ке қарсы "қатаң санкцияларды" енгізетіні туралы мәлімдеген.

АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдемесінде ИРСК-ке техникалық және қаржылай қолдау көрсететін Иранда орналасқан тағы үш ұйым аталған.

XS
SM
MD
LG