Accessibility links

Қырғыз-қазақ шекарасында жағдай өзгермегені туралы хабарланды


Қырғызстанмен шекарада Қазақстанға өту үшін кезекте тұрған адамдар. 13 қазан 2017 жыл.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай бұрынғысынша, еш өзгеріс жоқ деп хабарлады бүгін Қырғызстанның шекара қызметінің баспасөз хатшысы Салқын Абдикариеваға сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Абдикариеваның айтуынша, таңертеңнен бастап "Ақ жол - автокөлік жолы" өткізу бекетінде 200-ге жуық адам жиналған, олар қырғыз шекарасынан өтіп, Қазақстанмен арадағы "жасыл дәлізде" кезекке тұрған.

"Ақ тілек" өткізу бекетінде 230-ға жуық жүк автокөлігі, "Чон қақпа" бекетінде – жүз шақты жеңіл және жүк көліктері жиналып қалған. Басқа өткізу бекеттерінде кезек күтіп тұрған адамдар мен автокөліктер байқалмаған.

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасында 10 қазаннан бері күрделі ахуал қалыптасты. Шекара бойындағы өткізу бекеттерінде адамдар мен көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болды. Шекарадағы мұндай жағдайды кейбіреулер Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 қазанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласқысы келеді" деп сынаған сөзімен байланыстырады.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметі бойынша, Қазақстан жағы 10 қазаннан бастап шекарадан өткізу тәртібін күшейткен. Қазақстан шекара қызметі қылмыстық іс-әрекетке қатысы бар адамдардың ел аумағына өтіп кетуіне жол бермеу мақсатында шекарада "жоспарлы операция" жүргізіліп жатқаны туралы хабарлаған. Қазақстан жағы Жамбыл облысындағы "Қордай" шекара бекеті жанына қарулы сарбаздарын қойған.

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы кезек:

12 қазанда Қырғызстан шекара қызметі Қазақстанмен арадағы шекарада жағдайдың аздап жақсарғаны туралы хабарлаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG