Accessibility links

Атырауда "Қазавтожол" филиалының бөлім бастығы ұсталған


Атырауда "Қазавтожол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы филиалының бөлім бастығы "пара алған" деген күдікпен ұсталған. Күдіктіні 13 қазанда ұстағаны туралы Атырау облыстық прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

Прокурордың айтуынша, 2017 жылғы 28 қыркүйекте ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне өтініш берген адам өз компаниясы мердігер ретінде тендер бойынша ұтып алған облыс жолдарын жөндеу жұмыстарын атқару үшін "Қазавтожол" кәсіпорнының лауазымды қызметкерлері одан ақша талап еткенін жеткізген.

"Облыс прокуратурасы бірден жүргізуге санкция берген жасырын тергеу амалдары барысында айтылған фактілер расталды. Мердігер компанияға атқарылған жұмысына жасалған актіге қол қойғаны үшін 73300 АҚШ доллар - аса ірі көлемдегі параны делдал арқылы алу кезінде "Қазавтожол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалының бөлім жетекшісі ұсталды", - деген Сыбанқұлов.

Ұсталған күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің "пара алу" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG