Accessibility links

Омурбек Бабанов: "Бүгін халық шешім қабылдайды"


Rандидат Омурбек Бабановтың отбасымен бірге президент сайлауында дауыс беріп жатқан сәті. Қырғызстан, Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.
Rандидат Омурбек Бабановтың отбасымен бірге президент сайлауында дауыс беріп жатқан сәті. Қырғызстан, Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанда өтіп жатқан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабанов жұбайымен бірге келіп, Бішкектегі №1216 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс бергеннен кейін ол журналистер сауалдарына жауап беріп, өзінің «әр азаматқа таңдау құқығы берілген мемлекетте өмір сүріп жатқан» бақытты адам екенін айтты. Омурбек Бабанов «15 қазан Қырғызстан тарихында алтын әріптермен жазылатын күн» екенін баяндап:

- Бүгін халық шешім қабылдайды. Жұртпен кездескен кезімде адамдардың өзгеріс аңсайтынын байқадым. Бүгін әр ауылда, әр қалада тұрғындар сайлауға өзгерістерден үміт етіп баратынын білемін. Бүгін халқымыздың өз таңдауын жасайтынына сенемін. Жалғыз ғана қалайтыным, сайлау заң аясында өтсе, біздің азаматтарымызға еркін таңдау құқығы шынайы түрде берілсе, сонда халық өзінің шын таңдауын жасайды, - деді.

Сөзінің соңында Бабанов жұртты «Таза эсеп» сайтын қарап отыруға шақырды. Ол сайтта Бабановтың штабы сайлау нәтижесінің параллель есебін жариялайды. Бұл сайт туралы осы аптаның басында хабарланған еді. Омурбек Бабанов әр сайлау учаскесінде оның кем дегенде үш бақылаушысы жұмыс істейтінін айтты. Олар екі сағат сайын сайлау барысы туралы хабарлап отырады.

2017 жылы 15 қазан таңертең Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) басшысы Нуржан Шайлдабековва баспасөз мәслихатын өткізіп, «сайлауды бұрмалауға ешқандай негіз жоқ» деп, «ОСК мүшелерінде сайлау нәтижесіне ықпал ететін құзыреттері жоқ екенін» мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG