Accessibility links

Сооронбай Жээнбеков: Біз әділ сайлау үшін күрестік


Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков.
Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі №1327 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс бергеннен кейін журналистер сұрағына жауап берген ол өзінің жеңетініне сенімді екенін айтты.

- Құдай қаласа, халық қолдаса, бірінші турда ма, екінші турда ма - біз жеңеміз! Нәтижені күтейік. Біз әділ сайлау үшін, нәтижені алдын ала ешкім білмеуі үшін күрестік, - деді Жээнбеков.

Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал туралы сауалға да жауап берді. Ол «алыс туыстан, жақын көрші артық» екенін айтты.

- Қазақстан - бауырлас ел, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек. Мемлекеттер мен олардың басшылары бірін-бірі сыйлап тұрған жағдайда барлық мәселені шешуге болады, - деді ол.

Сөзінің соңында Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың бағытын жалғастыратынын айтты.

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сегізде басталған сайлау кешкі сегізде аяқталдады.

XS
SM
MD
LG