Accessibility links

Жээнбековте - 54,04 пайыз, Бабановта - 33,65


Сооронбай Жээнбеков, қырғызстандық саясаткер, президенттікке кандидат.
Сооронбай Жээнбеков, қырғызстандық саясаткер, президенттікке кандидат.

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы жариялаған соңғы мәлімет бойынша 1 482 891 сайлаушының дауысы есептеліп болды. Ресми ақпаратқа сәйкес кандидаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған төрттікті 54,04 пайыз қолдауға ие болған Сооронбай Жээнбеков бастап тұр. Екінші орында - сайлаушылардың 33,65 пайыз дауысын алған Өмірбек Бабанов. Оппозициялық саясаткер Адахан Мадумаров - 6,54 пайыз көрсеткішпен үшінші орында. Төртінші нәтиже иеленген Темір Сариевтің еншісінде 2,5 пайыз дауыс бар. Мадумаровтан басқа қалған үш кандидат кезінде премьер-министр қызметін атқарған. Сайлаушылардың 0,67 пайызы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берген. Президент сайлауына жалпы саны 11 кандидат қатыстырылды.

Қырғызстанның заңы бойынша президент сайлауының алғашқы турында сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алған кандидат бірден жеңімпаз деп жарияланады.

Жээнбеков Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында 72,3 пайыз дауыс жинаса, оның басты қарсыласы Бабанов солтүстіктегі Талас облысында 85 пайыз қолдауға ие болған.

Қырғызстанның мерзімі аяқталып жатқан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қол астында үкімет басқарған Сооронбай Жээнбековті қолдап келген болатын. Ал Өмірбек Бабанов сайлау алдында Қазақстан президентімен кездескені үшін Атамбаевтың сынына ұшыраған.

XS
SM
MD
LG