Accessibility links

Қырғызстан ОСК: Сайлаушылардың 56 пайызға жуығы дауыс берді


Бішкектегі сайлау учаскелерінің бірінде президент сайлауында берілген дауыстарды санап жатыр. 15 қазан 2017 жыл.
Бішкектегі сайлау учаскелерінің бірінде президент сайлауында берілген дауыстарды санап жатыр. 15 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанда 15 қазанда өткен президент сайлауында берілген дауыстарды санап жатыр. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) соңғы мәліметінше, сайлауда бір миллион 690 мыңнан қырғызстандық дауыс берген. Ресми мәлімет бойынша, бұл - дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 55,9 пайызын құрайды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлауда Социал-демократиялық партиясының (СДП) кандидаты, бұрынғы премьер-министр Сооронбай Жээнбеков алда келеді. Оның кандидатурасын 917 мыңнан астам адам (дауыс берген халықтың 50 пайыздан астамы) қолдап дауыс берген.

Ал оның басты қарсыласы саналатын парламенттегі Республика - Ата-Журт" фракциясының жетекшісі, өзін-өзі ұсынған Омурбек Бабанов екінші орында келеді. Оған 564 мыңнан астам сайлаушы (сайлаушылардың 35 пайыздан астамы) дауыс берген. "Бутун Кыргызстан" партиясының жетекшісі Адахан Мадумаровқа сайлаушылардың бес пайыздан астамының (108 мыңнан аса) даусын жинап, үшінші орында тұр.

Төртінші орында үш пайызға жуық дауыс жинаған "Ак Шумкар" партиясының жетекшісі Темір Сариев тұр. 10 мыңнан астам сайлаушының даусын жинаған кандидат Таалатбек Масадыков бесінші орынға шықты. Қалған алты кандидатқа сайлаушылардың 1,8 пайызы дауыс берген.

Қырғызстанның заңы бойынша президент сайлауының алғашқы турында сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алған кандидат бірден жеңімпаз деп жарияланады.

XS
SM
MD
LG