Accessibility links

Қазақстанда қамауда ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін азайтуды ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы күдіктілерді уақытша ұстау мерзімін үш тәуліктен екі тәулікке дейін қысқартуды ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент мәжілісінде құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін модернизациялау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырған бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов конституцияда көрсетілген күдіктілерді ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін азайтуды ұсынып отырғанын айтты. Оның сөзінше, егер күдікті кәмелетке толмаған болса, онда бұл мерзімді 24 сағатқа дейін азайту керек.

"48 сағат - бұл барлық дамыған елдердегі халықаралық стандарт және біз осыған келуіміз керек. Прокурорлардың мәліметі бойынша, адам құқығы дәл осы уақыт кезеңінде бұзылады. Сондықтан, осы кезеңдегі заңға қайшы әрекеттерді болдырмау үшін, біз ұстау мерзімін азайтуды жоспарлап отырмыз" деді Марат Ахметжанов.

Дегенмен, ол аса ауыр қылмыстар, террорлық және экстремистік қылмыстарды жасады, жаппай тәртіпсіздікке қатысты, топ болып қылмыс жасады, заңсыз есірткі айналымын іске асырдыкәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылық құқығын бұзды деген күдіктілерді 72 сағат қамауда ұстау мерзімі сақталатынын айтты. Сонымен қатар, күдіктіні сотқа тұратын жерінің қашықтығына, қатынас жолдарының жоқтығына және төтенше жағдайға байланысты сотқа жеткізуге үлгере алмағандықтан 72 сағатқа дейін қамауда ұстау мерзімі өзгертілмейді.

XS
SM
MD
LG