Accessibility links

Түрме қызметкері "сотталушыны азаптады" деген күдікпен қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды соты АК-159/7 колониясының қызметкері Виталий Зарецкийді "тік ішегі жарылып" көз жұмған сотталушыны азаптады деген күдікпен қамауға алды.

ҚазАқпараттың Қарағандының Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап хабарлауынша, капитан Виталий Зарецкий ("Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау") бабы бойынша күдікті ретінде екі айға қамауға алынған.

Сонымен қатар колонияда отырған алты сотталушы осы іс бойынша "күдікті" деп танылып, тергеу абақтысына ауыстырылған. Тергеу мәліметі бойынша, алты тұтқын қайтыс болған тұтқын В.Чупинді күдікті "Зарецкийдің тапсырысы бойынша азаптаған".

Тергеу тұжырымы бойынша, сотталушы В.Чупин бил 18 наурызда түрмеде азапталып, ауруханаға түскен соң қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG