Accessibility links

Бабанов: Кандидаттарға бірдей жағдай жасалған жоқ


Омурбек Бабанов баспасөз конференциясында сөйлеп отыр. Бішкек, 16 қазан 2017 жыл.

"Қырғызстандағы президенті сайлауныда кандидаттарға бірдей жағдай жасалған жоқ" деп мәлімдеді 16 қазанда президенттіктен басты үміткер Омурбек Бабанов.

"Сайлау өтті. Оның нәтижелері бар. Халық өз сөзін айтты" деген Бабанов дауыс беру кезінде заң бұзушылық болғанын, қазір өз штабы олар турлы фактілер жинап жатқанын айтты.

Сайлаудан кейін Бішкекте өткізген баспасөз конференциясында Бабанов "сайлау бәсекелестік сипатта өткенімен, кандидаттардың барлығына бірдей жағдай жасалмағанын" айтты. Сайлаушыларына алғыс білдірген саясаткер Бабанов бұдан кейін де үкіметке өз бағдарламасын ұсына беретінін жеткізді.

Ол жаңа сайланған президенттің мойнында үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтып, одан басқа бәсекелестерінің жақтастарын қудаламауды сұрады.

Бабанов кейбір сайлау учаскелерінен дауыс беру хаттамаларын әлі ала алмай жатқанын айтып, заң бұзу фактілері тексеріліп жатқанын білдірді.

Омурбек Бабановтың баспасөз конференциясы

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) соңғы мәліметі бойнша, сайлауда Социал-демократиялық партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 54,81 пайыз даусын жинады. Оның басты қарсыласы, парламенттегі "Республика - Ата-Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов 33,74 пайыз дауыс иеленді.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG