Accessibility links

АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери-теңіз жаттығуын бастады


АҚШ-тың USS Ronald Reagan крейсері (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың USS Ronald Reagan крейсері (Көрнекі сурет).

АҚШ пен Оңтүстік Корея Корей түбегінің жағалауында истребительдер, тікұшақтар мен 40 әскери кеме, оның ішінде USS Ronald Reagan крейсері тартылған бірлескен әскери-теңіз жаттығуын бастады.

7 қазанда АҚШ флоты жаттығу Жапон теңізі мен Корей түбегінен батысқа қарай Сары теңізде өтетінін хабарлаған.

АҚШ әскери-теңіз флоты бес күндік жаттығу АҚШ пен Оңтүстік Корея одағының "бір-бірімен үйлесе және ашық іс-қимыл жасайтынын паш етеді".

Әскери жаттығу АҚШ және оның одақтастарының Солтүстік Кореямен арадағы шиеленісі ушыққан тұста өтіп жатыр. Пхеньян америкалықтарды жаттығуды Солтүстік Кореяға шабуыл жасау үшін пайдаланады деп айыптаған.

Солтүстік Корея бұған дейін БҰҰ қарарларын бұзып, бірнеше рет баллистикалық зымыран мен ядролық сынақ жасаған.

XS
SM
MD
LG